«Ice Birthday Party-2019»

«Ice Birthday Party-2019»
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына 6 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралар жалғасын табуда. Мектептің «Туған күні» мерекесіне орай мектеп ауласындағы мұз айдынында салауатты өмір салты ойын-сауық іс-шарасы өткізілді. Мұз фестивалінің барлық қатысушылары конькимен сырғанап,шаңғы теуіп,доп ойнап уақыттарын көңілді және қызықты өткізді. Барлық қатысушыларға ыстық бауырсақ пен шай үлестірілді. Бұл күні барлық қатысушылар таза ауада сергіп қайтуға мүмкіндік алды. Дәстүрге айналған бұл шара мектебіміздің туған күні қарсаңында жылда ұйымдастырылып отырады.