Футбол добын қақпақылдаудан желілік онлайн-жарыс

2020 жылғы 12-18 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері филиалдарының 7-12 сынып оқушылары арасында футбол добын қақпақылдау бойынша желілік онлайн-жарыс өтті. Жарысты Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырды.

Онлайн-жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Семей, Петропавл және Қарағанды қалаларындағы мектеп филиалдарының 38 оқушысы қатысты.

Қатысушылар 1 минут бойы футбол добын қақпақылдап, шеберліктерін ортаға салды. Көп оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде футбол ойыншысына қажет қабілетті, ептілік пен жылдамдықты көрсете білді. Төрешілер алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді допты соғу саны бойынша анықтады.

Онлайн-жарыстардың қорытындысы келесідей:

7-сыныптар арасында:

I орын – Әнуар Қасымов (Семей қ. ФМБ НЗМ)

II орын – Бексұлтан Слетов (НЗМ ХББ Өскемен қаласы)

III орын – София Нұрмахамедова (НЗМ ФМБ Нұр-сұлтан қаласы)

8-сыныптар арасында:

I орын – Чингиз Жигитов (ХББ НЗМ Өскемен қаласы)

II орын – Арлан Суртубаев (Қарағанды қ. ХББ НЗМ)

III орын – Ауесхан Әбзелбек (НЗМ ФМБ Тараз қаласы)

9-10 сыныптар арасында:

I орын – Әнуар Тұрлыбай (Қарағанды қ. ХББ НЗМ)

II орын – Асанәлі Маратов (НЗМ ХББ Өскемен қаласы)

III орын – Азамат Дәрібаев (Шымкент қ. ФМБ НЗМ)

11-12 сыныптар арасында:

I орын – Омар Бекин (Көкшетау қ. ФМБ НЗМ)

II орын – Таир Әділбеков (НЗМ ХББ Петропавл қаласы)

III орын – Қылышбай Назаров (НЗМ ХББ Қызылорда қаласы)

Оқушыларды жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз!