Еркеназ Кажиахметова – шахматтан желілік спартакиада жүлдегері

NIS оқушылары арасындағы шахматтан өткен желілік спартакиадасы мәресіне жетті. Тартысты ойын нәтижесінде қарағандылық Зияткерлік мектептің 8-сынып оқушысы Еркеназ Кажиахметова үшінші орынға ие болды.

– Шахматты 9 жасымнан ойнаймын, бірінші разрядым бар. Шахмат ойыны логикалық ойлауды дамытып, зейінімді арттыруға көмектеседі, – деп бөлісті Еркеназ.

Құттықтаймыз!