Елбасы медалінің иегері

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Айгерім Искакова «Елбасы медалінің» иегері атанды.

«Елбасы медалі» — Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында әзірленген жоба. Бағдарлама жеті бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жоба үш деңгейден тұрады: қола, күміс және алтын. Қатысушы деңгейді өзі таңдайды.

Айгерім қола деңгейді таңдап, жоба ұйымдастырушылары ұсынған тапсырмаларды толық орындап шықты. Алты ай бойы ол спортпен шұғылданып, қазақ және әлем әдебиетінің алтын қорындағы кітаптарды оқып, волонтерлікпен айналысты. Ұлттық мәдениет жайлы танымын арттырып, бойындағы таланты мен қабілетін дамытуға мүмкіндік алды.

Айгерімді құттықтап, жаңа белестерді бағындыруын тілейміз!