Дәстүрге айналған Наурыз мейрамы

Дәстүрге айналған Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы қарсаңында – табиғаттың жаңаруы, жаңа жыл мен жаңа өмірдің бастауы болған көктем мерекесі, Азия халықтарының көбімен қатар Қазақстандықтар да көркем дәстүрлерді жаңғыртты. Солардың бірі Наурыз тек таза үйге келсін, жаман атаулының барлығы үйді айналып өтсін деген ниетпен айналасын тазартып, үй-ішін жинап, ретке келтіру болып табылады. Бүгін де тоқсанның соңғы күнінде, осы ата-бабалардың дәстүрінің ізімен, мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары барлық мектепті жуып-тазартуға кірісті. Демалысқа шықпас бұрын, оқушылар бірін-бірі келе жатқан ұлы мерекемн құтықтап, жылы лебіздерін аямады.