«Болашақ үшін қайырымды іс».

«Болашақ үшін қайырымды іс».
2018 жылдың 29 қарашасында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен кураторлары «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында қаламыздағы балалар үйіне барды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері біздің мектеп оқушыларының келуін асыға күтіп, оларды ерекше жылумен қарсы алды. Шағын концерттік номерлерін дайындап келген оқушылар керемет өлеңдер оқып, Қазақстан туралы әндер орындады. Балалар үйінің хореографиялық тобы тыңдаушыларды жаңа биімен қуантты. Зияткерлік мектеп оқушылары «Тек, алға!» әнін тамаша орындап, балалар бірге флеш-моб биледі. Мектептің мұғалімдері барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, балалар үйінің жетекшілері мен мұғалімдеріне белсенді ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді, барлық балаларға зор денсаулық пен бақыт тіледі. Кездесу соңында Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Bookcrossing-2018» акциясының аясында жиналған кеңсе тауарларын және қызықты кітаптарды, сондай-ақ «Natige» компаниясының «BalMuzз» балмұздақтарын қабылдады. Бұл жылы кездесу барлық қатысушыларға көптеген қуанышты эмоциялар мен жарқын әсер қалдырды.