БҰҰ Моделі конференциясы

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ЮНЕСКО мен МУН клубтары жұмысы аясында онлайн форматта БҰҰ Моделі конференциясы өтті. Шараны 10-сынып оқушылары оқушылары Диана Губайдуллина, Дания Турлина, Әділ Шаяхметов және Салима Жұмаділова ұйымдастырды. Конференцияға 8-11 сыныптардан 30 оқушы қатысты.

Конференция барысында Таулы Қарабақтағы жанжалды шешу жолдары, әлем елдері мен Беларусьтің қарым-қатынасы, сондай-ақ Африка елдеріндегі covid-19 алдын алу сияқты тақырыптар талқыланды. БҰҰ моделінің нәтижесі бойынша 9 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: Диас Нұрышев, Марғұлан Тілеубаев, Томирис Танырбергенова, Сабина Айтбекова, Аделия Мұхтар, Жанель Таукенова, Тахмина Хамза, Аружан Ақыш және Дарина Маненова.