«Қазақстан – берекелі мекенім!» мерекелік концерті

Бүгін Қарағанды қаласындағы ​​NIS-те Республика күніне орай «Қазақстан – берекелі мекенім!» атты концерт өтті. Мектеп директоры Равиль Якупов барша мектеп қауымын мерекемен құттықтап, жекелеген қызметкерлерге зор еңбегі үшін алғыс хаттар табыс етті.

Кештің көркін оқушылардың ерекше биі мен әсем әні ашты. Жас домбырашылардың әуезді күйі еліміздің мәдени мұрасына деген мақтаныш сезімін оятып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.