«Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында NIS Білім беру бағдарламалары орталығы тренерлері мен мектебіміздің мұғалімдері бірқатар оқыту семинарларын өткізді. Іс – шаралар ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктігін арттырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды.
Тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін үйренуге аймағымыздың түкпір-түкпірінен 250-ден астам мұғалім жиналды.
Семинарлар келесі негізгі тақырыптарды қамтыды:
* Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру
* Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру
* Оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру
* Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру
* CLIL аспектілері және қарым-қатынас дағдыларын дамыту
* Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту
* «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың ерекшеліктері
* Бастауыш мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру
Қатысушылар семинарлардан кәсіби білімін арттыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алғанына сенімді.