Аттестат табыстау салтанаты өтті

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектерге аттестат табыстау салтанаты өтті. Осы оқу жылында Зияткерлік мектепті 77 түлек аяқтап отыр. Оның 12-сі «Алтын белгі», 3-і үздік аттестат иегері атанды.

Салтанатты кешке жиналған қауымды мектеп директоры Равиль Якупов пен ғалым, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Манар Мейрамкулов, сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналар құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.

Жоғары оқу орындарына грантқа түскен түлектердің есімдері де мақтанышпен аталып өтті. Олар Франция, Италия, Венгрия, Гонконг, Қытай, Ресей және т.б елдерде білімін жалғастырмақ. Сонымен қатар 15 түлек Назарбаев Университетіне Foundation бағдарламасы бойынша оқуға түсті.

Түлектерімізге барлық армандары орындалып, жоспарлары жүзеге асуын тілейміз!