«Ата-аналар университеті»: Отан отбасынан басталады

«Ата-аналар университеті» жобасы аясында «Отбасындағы патриоттық-адамгершілік тәрбие – ұлттық рухтың көрінісі» тақырыбына арналған ата-аналармен кезекті кездесу өтті. Шара 9-10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналып, балаларды отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеудің маңызды аспектілері баяндалды.

Кездесу барысында жасөспірімдердің бойында ұлттық рухты қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің ықпалы айтылды. Сонымен қатар балаларды патриоттық және адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған NIS жобалары таныстырылды.