Ашық есік күні.

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 23 желтоқсан күні Ашық есік күні өтті. Мектебімізде оқуларын жалғастырғысы келетін барлық балалар үшін бұл күні мектеппен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналар да мектебімізбен танысып көптеген сұрақтарға жауаптарын тауып жатты. Ата-аналар үшін мектеп өмірі, оқу мен бағалау жүйесі бойынша бөлек сессия өткізілді. Келген қонақтар мектебімізде жүргізілетін әлеуметтік практикалар,робототехника сабақтары, биология, химия, физика, информатика,т.б пәндер бойынша мағлұмат алып түрлі тәжірибелер жасап көруге де мүмкіндік алды. Құжаттар қабылдау комиссиясы консультациялық қызмет атқарып, қандай талаптар қойылатыны жөнінде, қандай құжаттар тапсыру қажеттілігі бойынша ақпарат берді.