Қарағандылық зияткерлер Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде экскурсияда болды

Өткен аптада мектеп оқушылары Қарағанды облысы бойынша ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде болып, маңызды ұйымның жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Экскурсия барысында балалар еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент атқаратын көптеген маңызды міндеттер мен қызметтер туралы кең мағлұмат алды.

Оқушылар ҰҚК құрылымына арналған қызықты деректі фильмді тамашалап, мекеме мұражайын аралады. Бұл экскурсия оқушыларға мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымның маңызды рөлін жақсы түсініп, бағалауға көмектесті деп ойлаймыз.