«АЛТЫН КҮЗ КЕШІ»

«АЛТЫН КҮЗ КЕШІ»

Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «АЛТЫН КҮЗ КЕШІ» атты 7 сынып оқушыларына арналған алғашқы күзгі мерекелік кеші ұйымдастырылды. Бұл кешке барын салған мектебіміздің 7 сынып оқушыларының педагог-ұйымдастырушы-кураторлары мен қосымша білім беру оқытушыларының үлкен дайындық жұмыстарының нәтижесінде шыққан әсерлі кеш болды. Мерекелік көңіл-күймен киінген кештің ұйытқысы болған 7 сынып оқушыларын ду қол шапалақпен және аса зор қошеметпен көреремендер қарсы алды. Бұл күнді әр оқушы аса ыждаһаттылық пен  қобалжумен күтті. Өмірлік құндылықтар мен мектебіміздің құндылықтарын біріктірілген түрлі бағыттағы көркем-өнер  байқауларында 7 сынып оқушыларының арасынан небір керемет таланттар анықталып, ұжымдық бірлік пен ынтымақтастықтың барына риза болып, түрлі дарын иелерінің ашылуына куә болдық. Сахна төрінде өздерін ұстау мәнері мен ұшқыр ойлау қабілеттеріне таң қалдық. Залдың ерекше безендірілген көрінісі мен жарықтың үндестігі мерекелік кештің ажарын одан сайын арттыра түсті. Мерекеге қатысып отырған мұғалімдер, ата-аналар мен қонақтар 7 сынып оқушыларының қойылымдарына дән риза болып, ду қол шапалақпен қолдап отырды. Мереке соңында оқушылар мектеп әнұранын орындады. Мейірімділік пен сұлулықтың естен кетпес кешінде 7 сынып оқушылары біздің үлкен отбасымыздың толыққанды мүшесі атанды. Олардың әрқайсысы үлкендердің қамқоры ме мейірімін сезіне отырып, өз-өзіне сенімді бола түседі, өседі әрі өнеді, жаңа дүниелермен танысып, үздік болуға тырмысады. Бұл тамаша отбасының аты – NIS!