«Қайырымдылық әуені»

«Қайырымдылық әуені»

2019 жылдың 5 наурызында 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында Қарағанды қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Қайырымдылық әуені» атты IV Қайырымдылық концерті өтті. Концерттің өткізілуі «Қоғамға қызмет» мектептің әлеуметтік жобасы аясында оқушылардың әрекеттеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Концерттің қатысушылары ретінде тек қана оқушылар мен мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар концертке қатысқысы келген әрі қайырымдылық шарасын өз үлестерін қосқылары келген ата-аналар да болды. Дәстүр бойынша концертте Қарағанды облысының Білім басқармасы «Дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйінің» тәрбиеленушілері де өнерлерін көрсетті.

Алғаш рет концерттік бағдарламада НЗМ тәжірибесін тарату бойынша партнерлік мектептердің мұғалімдері мен оқушылары, атап айтқанда, Үштөбе ОМ «Әуен» фольклорлық ансамблі мен би тобы, №77 мектептің вокалдық тобы және №57 мектептің жеке орындаушылары да өнерлерін көрсетті. Концерттің аса қадірменді көрермендері ретінде Балқаш өңірінің мектеп ардагерлері, қоғамдық және еріктілер ұйымдарының мүшелері, Қарағанды облысының Шахан ауылының «Қарттар және мүгедектердің медициналық және әлеуметтік мекемесінің» қарттары шақырылды.

Концертке қатысу үлкендерге де кішілерге де өз таланттарымен қонақтарды тәнті ете білді және жауапкершілік пен белсенді өмірлік қағидаларының нығаюына себеп болды. Кеш соңында, келген қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, үлкендерге құрмет көрсеткендері үшін және нағыз адамгершілік қасиетті дамыта білгендері үшін зор ықыластарын білдірді.

Мейірімділік пен рақымшылдық мерекесі жарады!