Футбол және Төреші

Футбол және Төреші
Қаланың орта білім беретін мектептерінің дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибе тарату бойынша семинар
Мектебімізде 2019 жылдың 4-5 қаңтарында «ХББ НЗМ Қарағанды қ. спорттық шараларының тәжірибесін тарату, футбол және футзал ойындарының ережелерінің ерекшеліктері» тақырыбында Қарағанды қ. орта білім беру мектептерімен Қарағанды облыстық футбол ассоциациясымен бірлесе өткізілген ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату жөнінде семинар өткізілді. Шақырылған қонақтардың бірі Қарағанды облысы Төрелік ету комитетінің төрағасы, жоғары ұлттық санаттағы төреші, Саран қаласының құрметті азаматы – Блат Иван Владимирович, Футбол Қазақстан федерациясы комитетінің төрелік мүшесі, Төрелік ету және қадағалау департаментінің ұлттық инструкторы, жоғары ұлттық санаттағы төреші, Премьер-Лига инспекторы – Бублинский Николай Степанович, FIFA төрешісі, Премьер-Лига төрешісі – Кучин Артем Александрович, Қарағанды қ. білім беру бөлімінің дене тәрбиесі жөніндегі әдіскері – Ульбрихт Ольга Александровна болды.
ХББ НЗМ Қарағанды қ.дене тәрбиесі мұғалімдері Булатов Д.И. пен Қонақбаев Б.А. келген қонақтарға Қарағанды қ. НЗМ өткізілетін спорттық шаралар туралы, НЗМ оқушыларының арасында өткізілетін желілік спартакиадалар өткізу туралы, Олимпиада ойындарының, Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының жеңімпаздарымен өткен тәрбиелік сағаттар туралы презентациялар мен бейнежазбаларды көрсетті. УЕФА чемпиондар лигасы баламасы бойынша NIS CHAMPIONS LEAGUE мектепішілік футбол жарысын өткізу тәжірибелерімен бөлісті.
Аталмыш семинар өте жоғары деңгейде өткізілді, қалалық мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдері футбол және футзал ойындарының ережелерін талқылауда аса белсенділік танытты. FIFA төрешісі А.А.Кучиннің сөз сөйлеуі өте тартымды болды: төрелік етудің ең қиын тұстарын өте әсерлі етіп жеткізе отырып, UEFA бейнежазбаларын көрсетті. Семинар соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға Қазақстан футбол федерациясының сертификаттарын берді.