6 сынып оқушылары мен ата-аналары назарына!

2020 жылғы 5 қазан мен 25 желтоқсан аралығында Виртуалды мектепке қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Тіркеу http://vs.nis.edu.kz/ сайтында  жүзеге асады.

Жобаның мақсаты – Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алу үшін конкурстық іріктеуге дайындық бойынша 6 сынып оқушыларына арналған тегін алаң құру.

Виртуалды мектепке тіркелген қазақ тілінде оқитын оқушылар «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі және әдебиеті», «Ағылшын тілі», ал орыс тілінде оқитын оқушылар «Математика», «Орыс тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша білім алып, өткен тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындап, қорытынды тестілеуді тапсырады.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7(7212) 55 88 80