25 зияткер экологиядан республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 25 оқушысы экологиядан қашықтан өткен «Baytaq El» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды. 

Олимпиада мақсаты – оқушылардың экологиялық сауатын арттырып, осы саладағы заманауи процестер туралы түсінігін кеңейту.

«Қазіргі заманғы экология іргелі және қолданбалы білімнің түрлі саласын қамтиды. Оны зерттеу арқылы адамдардың қауіпсіз және сапалы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға болады», – дейді ұйымдастырушылар. 

Олимпиада нәтижесі бойынша, мектебіміздің 8 оқушысы І орын, 11 оқушы – ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орынға ие болды.

І орын иелері:

Балнур Саттыбаева,

Мұхамеджан Батырбек

Алина Абдрахманова

Томирис Бақыт

Мейрхан Конуров

Нұрдәулет Аман

Динара Байбулова

Жамиля Сайран

ІІ орын иелері:

Аружан Ертуған

Тоты Лекерова

Меруерт Адамбай

Аяулым Алтаева

Дания Жанкина

Бек Мадияр

Аделина Муратова

Камила Оразбек

Жарқын Оспан

Томирис Танырбергенова

Дамира Исина

ІІІ орын иелері:

Алима Жақсылықова

Шынгыс Алиакпар

Айғаным Бөкенбай

Еркеназ Серікова

Ардана Утепберген

Аружан Қайырбек

Оқушыларды жеңісімен құттықтап, толағай табыс тілейміз!