Құрметті бітіруші курстардың педагогтары, студенттері, магистранттары мен аспиранттары!

Сіздерді Зияткерлік мектептерде жұмыс істейтін білім берудің түрлі бағыттарындағы педагогтар үшін конкурстық іріктеуге қатысуға шақырамыз. Бұл келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) аккредиттеген мектептерде білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде сабақ беру.
  • Назарбаев Университеті магистратурасының біліктілігін арттыру және оқыту бағдарламаларын жұмыстан қол үзбей өту.
  • Практика мұғалімі, бағдарламалар мен оқулықтарды әзірлеу жөніндегі маман, мұғалімдерді оқыту жөніндегі жаттықтырушы, сондай-ақ мектеп басшысы ретінде мансапты дамыту.
  • Бәсекелес жалақы мен тартымды әлеуметтік пакет алу.


Конкурсқа қатысу үшін:

  • «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның ресми сайтына көшу (www.nis.edu.kz).
  • Бос орындар бөліміне өту.
  • «Зияткерлік мектептерді» таңдау.
  • «Педагогикалық қызметкерлер» таңдау.
  • Нақты мектепті/конкурсты өткізу орнын таңдау.
  • Қатысу және барлық қажеттілерді толтыру


Конкурстық іріктеудің (тестілеудің) бірінші кезеңі 2024 жылғы 12 маусымда ҚР 18 қаласындағы Зияткерлік мектептерде өтеді.

Тіркеу сағат 9:00 басталады, тестілеу сағат 10:00 басталады және 2 сағат 10 минутқа созылады.