Сіздерді Зияткерлік мектептерде жұмыс істейтін білім берудің түрлі бағыттарындағы педагогтар үшін конкурстық іріктеуге қатысуға шақырамыз. Бұл келесі мүмкіндіктерді береді:
- Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) аккредиттеген мектептерде білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде сабақ беру.
- Назарбаев Университеті магистратурасының біліктілігін арттыру және оқыту бағдарламаларын жұмыстан қол үзбей өту.
- Практика мұғалімі, бағдарламалар мен оқулықтарды әзірлеу жөніндегі маман, мұғалімдерді оқыту жөніндегі жаттықтырушы, сондай-ақ мектеп басшысы ретінде мансапты дамыту.
- Бәсекелес жалақы мен тартымды әлеуметтік пакет алу.
Конкурсқа қатысу үшін:
- «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның ресми сайтына көшу (www.nis.edu.kz).
- Бос орындар бөліміне өту.
- «Зияткерлік мектептерді» таңдау.
- «Педагогикалық қызметкерлер» таңдау.
- Нақты мектепті/конкурсты өткізу орнын таңдау.
- Қатысу және барлық қажеттілерді толтыру
Конкурстық іріктеудің (тестілеудің) бірінші кезеңі 2024 жылғы 12 маусымда ҚР 18 қаласындағы Зияткерлік мектептерде өтеді.
Тіркеу сағат 9:00 басталады, тестілеу сағат 10:00 басталады және 2 сағат 10 минутқа созылады.