Дарынды балаларға – талантты ұстаз

Күзгі демалыс күндері Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.

Педагогикалық олимпиада – мұғалімдерді барлық деңгейдегі дарынды балалармен жұмыс істеуге дайындап, олардың шығармашылық еркіндігін арттыруға, зерттеу бағытын таңдауға, педагог ретінде өзін көрсете алуына және болашақта тұлғалық әрі кәсіби дамуына жол көрсететін жоба.  

Олимпиада мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамытып, өзін өзі дамытуға жағдай жасау, білім беру мен тәрбие жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Аталған педагогикалық Олимпиадада Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебі атынан қатысып, мектептегі тәрбие жұмысының нәтижесімен бөліскен педагог-ұйымдастырушы-куратор Елігай Ошанованы лайықты жеңісі – II дәрежелі дипломмен шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар жас мұғалімге жан-жақты қолдау көрсеткен тәлімгерлер – педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлнар Сеитова мен қазақ тілі мұғалімі Айтжамал Есенжоловаға алғыс білдіреміз.