banner

Жаңалықтар

Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту: Ақтөбедегі NIS-те тағылымдама өткізілді

29 қараша 2024 12:57

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында 5 күндік тағылымдама өтті. 

Тағылымдама ауылдық мектептердегі білім сапасын арттыруға бағытталды. Ақтөбе облысының 12 оқу ордасынан келген ұстаздар апта бойы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болып, өз біліктіліктерін жетілдірді.


25-29 қараша аралығында өткен тағылымдамада NIS мұғалімдері түрлі тренинг, семинар, ашық сабақтары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Атап айтсақ, курстар оқу процесін басқару, тәрбие жүйесі, информатика, робототехника және пәндер бойынша өткізілді. Сонымен қатар зерттеу жұмысын ұйымдастыру, инновациялық кітапхана тәжірибесі, психологиялық қызмет көрсету сияқты мектеп өміріндегі қосымша салалар да қамтылды.

Тағылымдамаға қатысушы мұғалімдер әріптестерінің үздік тәжірибесін көруге мүмкіндік алғандарын атап өтті. «Алған біліміміз өз мектебімізде жаңа әдістерді енгізуге, оқыту сапасын жақсартуға және білім беру процесін қызықты, заманауи етуге ықпал етеді» - деді олар.