"Мен мамандық таңдаймын"

20 желтоқсан 2024 11:44

2024 жылғы 19 желтоқсанда 9-10 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу өтті. Бұл шара "Ата-аналар университеті" жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесудің тақырыбы: "Мен мамандық таңдаймын".

Іс-шара жасөспірімдердің кәсіби бағыт-бағдарын анықтауда ата-аналардың рөлі, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығының үрдістері туралы ақпарат беру мәселелерін талқылауға арналды.