Зияткерлік мектептегі Тұңғыш Президент күні

Назарларыңызға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің онлайн-шараларын ұсынамыз!

26 қараша күні MS TEAMS платформасында “Біз – ел болашағымыз!” мерекелік іс-шарасы өтеді. Шараға 7-сынып оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар шақырылады. Басталуы 16:00-де. Сілтеме: https://u.to/RNhWGg

27 қараша Тұңғыш Президенті күніне орай танымал және жергілікті ақындардың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Замандастар жырлары» жобасы аясында «Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылады. Басталуы 12:30-да. Сілтеме: https://u.to/E_dWGg

30 қараша күні «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы  аясында «Ер есімі – ел есінде» эссе байқауы өтеді. Басталуы 16:00-де. Байқау сілтемесі: https://u.to/khtUGg

30 қарашада «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында Шахтинск қаласындағы қарттар мен мүгедектер медициналық-әлеуметтік мекемесінің тұрғындарына арналған онлайн-концерт өтеді.