«Жыл мұғалімі – 2023» мектепішілік байқауы өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жыл мұғалімі– 2023» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Дәстүрге айналған конкурс ұстаздарды ғылыми зерттеулермен айналысып, кәсіби тұрғыда дамуға және шығармашылық ізденістерін арттыруға ынталандырады.

Биылғы байқауға сегіз мұғалім қатысып, ашық сабақтар мен жетістіктер көрмесін ұйымдастырған болатын. Конкурстың соңғы бөлімінде ұстаздар «Таныстыру», «Шешендік өнер» және «Педагогиқалық жағдаяттар» сайыстары бойынша кәсіби және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Жыл ұстазы -2023» атағына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Өмірбекова лайық деп танылды. І дәрежелі дипломмен тарих мұғалімі Дәурен Қзылов, ІІ дәрежелі дипломмен физика пәні мұғалімі Саягүл Нұржігітова және ІІІ дәрежелі дипломмен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанна Бабенко марапатталды. Сонымен қатар конкурсқа қатысқан басқа да ұстаздарға түрлі номинациялар табысталды.

– Байқауы өте тартысты болды. Қатысушылардың барлығы мектебіміздің тәжірибелі мұғалімдері. Үнемі қолдау көрсетіп, көмек қолын созатын әдістемелік бірлестігіме алғыс білдіремін, – деп бөлісті Динара Өмірбекова.