Жазғы мектеп-2021

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін дәстүрге айналған Жазғы мектеп басталды. Алдағы он күн бойы 400-ден астам оқушы өзін қызықтырған курстар бойынша білімін шыңдайтын болады.

Биыл жазғы мектеп аясында оқушыларға 28 курс ұсынылды. Атап айтар болсақ, шәкірттер математика, физика, биология, химия және тілдік пәндер бойынша білімін жетілдіріп, экологиялық инженерия, веб-дизайн, киім дизайны, лингвистика, театр өнері сияқты қызықты курстарға қатысып, түрлі бағытта дамуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар оқушыларға пәндік олимпиадалар мен IELTS, SAT емтихандарына дайындық курстары ұсынылды. Жазғы мектеп жұмысын 52 мұғалім жүргізуде.