Өз үміткеріңе дауыс бер!

Қарағанды NIS-тегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының басты дәстүрлерінің бірі –мектеп президенті сайлауы. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, мектепте сайлауалды үгіт-насихат қызу жүріп жатыр.

Сайлауға өз кандидатурасын 10-11 сыныптардың 7 оқушысы ұсынды. Олар: Алина Абдрахманова, Амина Кисикова, Аружан Мұхамеджанова, Екатерина Боголюбова, Есен Нұрғалы, Жасұлан Пермеғали, Нұрай Бейсен.

Үгіт-насихат апталығы аясында барлық кандидат өз сайлауалды бағдарламасын ұсынып, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы жұмысын жақсарту бойынша жоспарлары мен идеяларын бөлісті.

Мектеп президенті сайлауы 18 қазанда өтеді.