WRO-2019 робототехника жарысының аймақтық кезеңі

WRO-2019 робототехника жарысының аймақтық кезеңі
2019 жылғы 27 сәуірінде “Химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі” қабырғасында робототехникадан аймақтық жарсы өткізілді. Бір күн бойы Қарағанды облысының 32 білім беру ұйымдары қатысқан сайыскерлер – шығармашылық, негізгі, WRO футбол және еркін санаттарда өз бақтарын сынады. 
Биыл алғаш рет ең жас қатысушыларға Open WeDo және Regular WeDo санаттарында жарыстар ұйымдастырылды. Бұл жарыста Қарағанды және Сәтпаев қалаларының және Осакаровка ауылының робототехника клубтары мен білім ұйымдарының 9 тобы қатысты.
Еркін санатында (зияткерлік сумо) 54 топтың ішінде төмендегілер:
Қабдуллин Бекнур, Шарлис Мұхамед (Балқаш қаласы) – 1-ші орынды;
Рахымжанов Елдар, Рымбек Расул (ҚММ “ЖБОМ № 36”, Қарағанды қ.) – 2-і орынды;

Қуанышев Бексултан, Кайруллин Жасулан (Жамбыл атындағы Мамандандырылған мектеп-жатақхана, Қарағанды қ.), Тлеукулов Ринат, Карбоз Бекжан (Қарағанды қаласы жоғары политехникалық колледжі) – 3-ші орынды иеленді.

Еркін санатта (сызықпен жүру) 21 топтан мықтылар болып:

1 орынды – Исаев Саулет, Раджапбай Алмас (ҚММ ЖББМ № 1, Приозерск);

2 орынды – Культаев Станислав, Яншин Андрей (ҚММУ “Токаревская средняя опорная школа (ресурсный центр)”);

3 орынды– Бейсенбай Әліби, Абжанов Али (ҚММ “ЖББМ № 17”, Қарағанды қ.)

“Химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі” тобының сайыскерлері шығармашылық (жоғары), негізгі (орта) және WRO футбол санатында өте мықты топ болып танылды. Сөйтіп, НЗМ тобы роботехникадан республикалық сайысқа жолдама алды.