WALS 2022 халықаралық конференциясы

Малайзия астанасы Куала-Лумпурда WALS 2022 халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны дүниежүзілік Lesson Study ұйымы ұйымдастырды. Биылғы жылы ауқымды іс-шара «Lesson Study in Sustain Community құру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету» атауымен өтіп, әлемнің 35 елінен 700-ден астам мұғалімді біріктірді.

Конференцияға Қарағанды NIS педагогтары да қатысты. Олар: физика пәні мұғалімі Саягүл Нұржігітова, биология пәні мұғалімі Мартина Хонтай және ағылшын тілі пәні мұғалімі Жананұр Қасымова.

Конференция симпозиумнан, пленарлық отырыстан және бірнеше параллель сессиялардан тұрды, әр қатысушы білім беру бойынша тәжірибесін, әдісі мен әзірлемесін бөлісті.