Мектеп президенті сайлауы

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде президент сайлауы өтті. Өзін-өзі басқару ұйымының басшысына дауыс беру бекітілген ережелерге сай еркін және құпия түрде жүргізілді.
Мектеп президенттігіне үміткер ретінде 10-11 сыныпта оқитын он екі оқушы тіркелген болатын. Атап өтер болсақ, олар Адия Кайрулла, Айбар Жонкин, Алина Смольянинова, Дана Рахымбек, Даниал Жанабаев, Дарын Кулькенов, Дилназ Базарова, Дияра Байманова, Ернар Бекболат, Мерей Серік, Нұрасыл Амангелді және Тимур Ахметов. Үміткерлердің әрқайсысы өз сайлауалды бағдарламаларын оқушыларға таныстырды. Осы тұрғыда әр кандидаттың өз ойын ашық айтып, оны аргументтер арқылы дәлелдей алғанын, көшбасшылық қасиеттерін көрсете білгенін атап өткен жөн.
Есеп жүргізген комиссияның шешімі бойынша, ең көп дауысты 11 «В» сынып оқушысы Мерей Серік жинап, 2019-2020 оқу жылына өзін-өзі басқару парламентінің президенті болып сайланды.