«Википедия» клубының жаңа мүшелеріне арналған семинар өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Википедия” клубының жаңа қатысушыларға арналған “Википедия немесе Уикипедия” тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар барысында клуб үйлестірушілері оқушыларға Википедия жайлы түсініктеме беріп, клубтың жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар оқушыларға сайтқа тіркелу, мақала жазу және түзету енгізу жайлы нұсқаулық өткізді.

– Биылғы оқу жылында клубқа 30-дан аса қатысушы тіркелді. Жыл бойы олармен біз клуб жоспарына сай жұмыстар жұмыстар жасайтын боламыз. Түрлі семинар-тренингтер, іс-шаралар өткізілетін болады, – дейді клуб үйлестірушілерінің бірі, педагог-ұйымдастырушы-куратор Жазира Камерденова.

Клуб түрлі бағытта жұмыс жасайды. Оқушылар өздеріне жақын тақырыптар бойынша ізденіп, үш тілде мақала жазады. Сондай-ақ ағылшын, орыс тілдеріндегі өзекті материалдарды қазақ тіліне аудармақ.

– Біздің клубтың басты мақсаты – қазақ Википедиясының дамуына үлес қосу. Өз қаламыздың, облысымыздың, еліміздің тарихын, мәдениетін таныстыру, – деп атап өтті үйлестіруші, математика мұғалімі Айдос Ахметжанов.