Оқушылар халықаралық конкурста жүлдегер атанды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Математика және жобалау» халықаралық байқауында жүлдегер атанды.

Онлайн форматта «Математика және жобалау» халықаралық конкурсы биыл онлайн форматта өтті. Байқауға Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі оқушысы қатысты: 10-сынып оқушысы Аркадий Цай мен 11-сынып оқушысы Алишер Өмірзақ. Екі оқушы да өз жобасын «Геометриялық миниатюралар» секциясында қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша Аркадий Цай ұсынған «Геометриялық және практикалық есептерді шешуде оригометрияны қолдану» жоба І орынға ие болды, ал Алишер Өмірзақ «Рационал тригонометрия мен төртбұрышқа арналған косинустар теоремасы» жобасымен ІІ орын иеленді.

Оқушылар мен ғылыми жетекшілерді құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!