«Туған елге тағзым – 2022» байқауының мектепішілік кезеңі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым – 2022» өлкетану-зерттеу экспедициясы байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Биыл жас зерттеушілер мен олардың жетекшілері байқау әділқазылары назарына 32 жоба мен 30-дан аса эссе ұсынды. Жобалар 7 түрлі бағытты қамтыды: «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует», «Біздің күшіміз бірлікте!», «Ұлт руханияты – бабалар аманаты», «Ұлы Дала өркениеті», «Жасыл планета», «Әлеуметтік кәсіпкерлік және жаңа идеялардың күші» және «Туған өлкем – жұмақ мекен!».

Зияткерлер Қарағанды өңірінің табиғатымен, тарихымен, мәдениеті және өндірістік әлеуетімен зерттеп, түрлі жобалар әзірледі. Оқушылардың үздік деп танылған жұмыстары желілік конкурсқа жолдама алады.