ІІІ «БҰҰ моделі» конференциясы өтті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен ІІІ «БҰҰ моделі» конференциясы өтті. Ағылшын тілі айлығы аясында жүзеге асқан шараға мектеп оқушыларынан бөлек “Білім-Инновация” лицейі, “Дарын” және “Мұрагер” білім ордаларының шәкірттері қатысты. Конференцияны өткізуге үш комитет таңдалған болатын. Олар: БҰҰ Адам құқықтары бойынша кеңесі, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі және ЮНИСЕФ.

«БҰҰ моделінде қатысу оқушыға не береді? Конференцияда оқушылар көшбасшылық қасиеттерін дамытып, әртүрлі мемлекеттердің позициясын таныту арқылы өзінің халықаралық қатынастардағы білімін тереңдетеді. Сонымен қатар олар белгілі бір тілде дипломатиялық сөйлеу стилін ұстану арқылы коммуникативтік дағдыны арттырады», – дейді ұйымдастырушылар.

Шара мақсаты – БҰҰ моделін оқушылар арасында таратып, жаһандық мәселелерге назарын аударту.