Тәжірибе алмасу.

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Бұқар жырау ауданы Доскей ауылындағы «Елтай ЖББОМ» жетекші мектебінің «Жетекші және серіктес мектептердің ішкіжелілік қарым-қатынасының тиімділігі» тақырыбында ұйымдастырған кіші аудандық стендік конференцияға сараптамашылар ретінде қатысып қайтты.

Іс-шараға Бұқар жырау ауданына қарасты Шешенқара, Ботақара, Көкпекті, Кузнецк, Алғабас, Гагарин, Керней, Белағаш секілді елді-мекендердің мектептері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін тарату негізінде 2018-2019 оқу жылындағы жаңартылған білім беру бағдарламасы, Lesson Study бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. НЗМ мұғалімдері және ПШО-ның тренерлерінен құралған сарапшылар конференцияға қатысушылардың әрқайсысына сабақты зерттеуге қатысты жекелеген ұсыныс-кеңестер (зерттеу тақырыбын анықтау, зерттеу тақырыбының өлшемділігі, зерттеу кезеңдерінің жүйелі жүргізілуі, бақылаудағы оқушыларды анықтау, зерттеу нәтижесі,т.б.) берді.