Тәуелсіздік тарихы – елдік ерлігі

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Замандастар жырлайды» жобасы аясында «Тәуелсіздік тарихы – елдік ерлігі» атты жергілікті еңбек ардагерлері және ақындармен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – оқушылардың еңбек етуге ынтасын арттырып, Тәуелсіздік жылдарында шыққан танымал жергілікті ақындардың поэзиядағы елеулі еңбектері мен әдеби шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау.

Кездесуге социалистік еңбек ері, Қаз КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық (шопан) қызметкері Сайлау Біләлов пен қарағандылық жас ақын Бек Ноғайбайұлы қатысты.

Қонақтар оқушыларға өмір жолынан қызықты ақпарат бөлісіп, зияткерлермен сырлы сұхбат құрды.