«Тәтті кітаптар» фестивалі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «тәтті кітаптар» фестивалі – Edible Book Festival өтті. Кітапхана ұжымы мен педагог-кураторлар ұйымдастырған шараға 7-9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.
Мектебімізде екінші рет өтіп жатқан фестивальде оқушылар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Абай Құнанбайұлы, Ілияс Жансүгіров, Бауыржан Момышұлы, Жұбан Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова және т.б. әйгілі қазақ ақын-жазушылары мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын таныстырды. Шығарма негізінде «әзірленген» тәттіден бөлек, оқушылар автордың туындысынан үзінді сахналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдерімен жақын танысуға көмектеседі.
Әділқазылар шешімімен үздік қатысушылар «Патриоттық кітап» (8 «Е»), «Жыр кітабы» (9 «С»), «Тарихи кітап» (7 «А»), «Соғыс тақырыбындағы кітап» (9 «А») және «Қызықты кітап» (7 «Е») номинациялары бойынша марапатталды.