Шахматтан NIS желілік спартакиадасы

NIS оқушылары арасында шахматтан желілік спартакиада өтіп жатыр. Зияткерлік ойынға қарағандылық NIS атынан 8 оқушы қатысуда. Олар: 8-сынып оқушылары Санжар Смағұлов, Карим Камаев пен Еркеназ Кажиахметова, 9-сынып оқушысы Ева Дмитриева, 12-сынып оқушылары Әлихан Тәрбіз, Алмаз Асқатов пен Дариға Пирметова.

8-сынып оқушысы Санжар Смағұлов шахматпен 7 жасынан айналысады, қазіргі таңда ол бірінші разрядқа ие.

– Шахмат мен үшін зияткерлік спорт ойыны. Математикалық және логикалық қабілетімді дамытып, алға қойған мақсаттарыма жетуге шахматтың көп көмегі тиді. Сондай мақсаттың бірі NIS-ке түсу болатын, – деп бөлісті Санжар.

Оқушыларға сәттілік тілейміз!