Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

2021 жылғы 7 шілдеде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеу бойынша 2021 жылғы 27-28 мамырда өткізілген кешенді тестілеудің нәтижелерін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.nis.edu.kz ресми сайтында жариялау жоспарланған.

Осы жылдан бастап үміткерлердің жеке мәліметтерін қорғау мақсатында нәтижелерді көру екі форматта қолжетімді болады:

1. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру Мектептер мен оқыту тілі бөлінісіндегі барлық үміткерлердің нәтижелері аты-жөні жасырын, бірақ тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен үміткердің шифрленген ЖСН көрсетіліп беріледі.

2. Жеке нәтижелерді көру Үміткердің жеке нәтижелерін көру үшін тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен ЖСН енгізу қажет. Нәтижелерді көру алгоритмі бейненұсқаулық түрінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.res.nis.edu.kz ресми сайтында берілген.

Байланыс телефондары (жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін, 3 шілде күні – 09:00-ден 17:00-ге дейін, 4-6 шілде – мереке күндері): Қарағанды қ. ХББ NIS – Шахтеров даңғылы, 62, тел. 8 (7212) 55-88-80, 55-88-83, 55-88-84