Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды тапсыру үшін сайтта онлайн-брондау сервисі арқылы талон алу мүмкіндігі болмаған жағдайда Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларына келіп, кезек тәртібімен құжат тапсыруға болады.


Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбына түсуге арналған конкурстық іріктеуге құжаттар 10 қаңтарға дейін қабылданады.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;
2) Сауалнама толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.
5) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.
Көрсетілген барлық құжаттар мұқабасы түссіз 10 файлдық пластикалық папкаға салынады.


Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:
1) өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;
2) құжаттардың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

Қабылдау комиссиясына басқа тұлғаның сенімхатсыз әкелген құжаттары қабылданбайды.
Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс 12:00-13:00) қабылданады.
Мектеп мекенжайы: Шахтерлер даңғылы, 62. Анықтама телефоны: 50-78-55
Кешенді тестілеу 2-3 наурызда өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтындағы «Үміткерлерге» бөлімінен таба аласыздар