Республикалық олимпиаданың күміс жүлдегерлері

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бес оқушысы республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

25-30 сәуір аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Қарағандыдағы Зияткерлік мектептің бес оқушысы олимпиаданың күміс медаліне ие болды:

Әмір Әлмуханов – күміс жүлдегер (химия);

Динмухамед Хамзин – күміс жүлдегер (химия);

Рахим Баймурзин – күміс жүлдегер (математика);

Аркадий Цай – күміс жүлдегер (қазақ тілі);

Екатерина Боголюбова – күміс жүлдегер (орыс тілі).

Республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында өтетін ең ауқымды шара. Қатысушылар саны бойынша жетекші орында тұрған олимпиада жалпы білім беретін 16 пәнді қамтиды.

Оқушыларды құттықтап, толағай табыс тілейміз!