READx: Оқушылар қандай кітап оқуға кеңес береді?

Халықаралық кітап және авторлық құқық күні аясында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Хан тәңірі» Шаңырағы оқушылары READx жобасына қатысып, сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісті.

9-сынып оқушысы Дильназ Аубакированың сүйікті кітабы – Джек Лондонның «Мартин Иден» романы. Ол бұл кітапта адамның арманға, жетістікке жету жолы керемет сипатталғанын айтады. Ал 8-сынып оқушысы Ислам Бисен Джон Гриннің «Жұлдыздар кінәлі» романын оқуға кеңес берді.

Стивен Кингтің «Үй жануарларының зираты» кітабы туралы ой бөліскен 9-сынып оқушысы Асира Баймурзина роман авторының оқиғаны, адамның жан дүниесін өте шебер суреттейтініне тәнті болғанын жеткізді. 8-сынып оқушысы Мирас Дауытқазы «Сақиналар әміршісі» кітабы романы жайлы әңгімелеп, достарын Толкин әлеміне шақырды.