READx: «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы»

«READx» жобасы аясында бірегей жазушының 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты кездесу өтті. Кездесу Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп ұйымдастырылды. Спикерлер арасында екі мектептің оқушылары, ата-аналары мен мұғалімдері болды.

Қарағандылық NIS:

1. Данагуль Тлеукеновна («Қараш-қараш оқиғасы») – 9 «С» сынып оқушысының ата-анасы;

2. Жазира Елеусизовна («Көксерек») – қазақ тілі мұғалімі;

3. Каленбаева Аяна («Қорғансыздың күні») – 8 «В» сынып оқушысы;

4. Әмзебек Рамазан («Бүркіт аңшылығының суреттері») – 7 «А» сынып оқушысы.

Астана ФМБ NIS:

1. Инабат Қажымғалиқызы («Абай жолы») – математика мұғалімі;

2. Толкын Абильмажиновна («Оқыған азамат») – қазақ тілі мұғалімі;

3. Арғынбай Каусар («Қорғансыздың күні») – 8 «А» сынып оқушысы.