Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Білімдерін сынауға бел буған оқушыларға мектеп директоры мен республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлері сәттілік тіледі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін Республикалық олимпиаданың бірінші кезеңіне 616 зияткер қатысты.