Послания Президента Республики Казахстан

2019 жылдың 4 қыркүйегі күні Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жиын залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауы бойынша түсіндірме жасау мақсатында жиналыс өткізілді. Шара мақсаты – мектеп ұжымын Президент ұсынған идеялар және жүктелген міндеттемелермен таныстырып, өз тараптарынан Мемлекет басшысының саясатына ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.

       Жиналысқа мектептің педагогикалық ұжымы түгел қатысты. Жиналыс барысында мектеп директоры кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының дамыту саясатының негізгі басым бағыттарын атап өтті. Келесі кезекте, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Юсупова Т.К. ұжымды елімізді жаңғыртудың негізгі міндеттерімен таныстырып, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынған жолдауының барлық бағыттары бойынша қысқаша ақпарат берді. Т.К.Юсупованың баяндамасынан кейін ұжымдық өзара талқылау жүргізілді.        Пікір алмасу барысында Жолдаудың негізгі басты мәселелері талқыланды. Соның ішінде қаралған өзекті мәселе жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын жою, зейнетақы жинақтары сияқты тағы да басқа сұрақтар ерекше орын алды. Жолдауға сәйкес Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған саясатының әр бөлік бойынша, басым бағыттарының мазмұны толық талқыланып, жекелеген түрде түсінік жасалды.