Білім күніне орай сый-сияпат табысталды

Бүгін, жаңа оқу жылының қарсаңында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, ата-аналар комитеті мен еріктілер облыстық Даму мүмкіндігі шектелген балаларға арналған балалар үйіне барып қайтты. «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында Зияткерлік мектеп аталған балалар үйімен жеті жылдан аса серіктестік байланысты сақтап келеді.
Дәстүр бойынша, «Мектепке жол» республикалық акциясын жүзеге асыру мақсатында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне түрлі канцеляриялық құралдар, мектепке және шығармашылыққа арналған керек-жарақтар табыс етілді. Сонымен қатар Зияткерлік мектеп атынан балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілерін жаңа оқу жылымен құттықтап, зор денсаулық пен сәттілік тіледі.