Қоршаған ортаға қамқорлық

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі сенбілік өтті. Мұғалімдер мен қызметкерлер мектеп айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар 12-сынып оқушылары «Түлектер аллеясына» жас шыршалар отырғызды. Осымен алтыншы жыл ұйымдастырылып отырған бұл шара қоршаған ортаға деген қамқорлық қана емес, сонымен қатар мектепте білім алған зияткерлер жайлы жақсы естелік екені сөзсіз.