«Ұрпақтар сабақтастығы» аясындағы кезекті кездесу

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» клубының кезекті кездесу өтті.
Шараға келген аталар мұғалімдердің көмегімен жаттығу залында дене шынықтырып, оқушылардың спорттағы жетістіктерімен танысты. Ал әжелер қауымы сәндік-қолданбалы өнер бойынша өткен шеберлік сыныбына қатысты. Онда қосымша білім педагогі қатысушыларға гүл отырғызатын кашпо жасауды үйретті. Мұғалімдер шеберлік сыныбына қатысқан әжелерге кашпомен қоса гүл сыйлап, қонақтарды бір қуантты.
Сондай-ақ ата-әжелер мектеп писхологтарының тренингіне қатысып, жүйке жүйесінің саулығын сақтауға бағытталған тыныс алу гимнастикасы мен кинесиологиялық жаттығулар жасады.
Кездесу соңында клуб мүшелері ұйымдастырушыларға қызықты әрі пайдалы сабақтар үшін алғыс білдіріп, оқушылар мен қарттарға қажет жобаның өзектілігін атап өтті.