Оқушылар жеңіс тұғырында

Желтоқсан айының 23-25 күндері Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде баскетболдан НЗМ оқушылары арасындағы Желілік спартакиаданың финалы өткен болатын. Тартысты кездесуде қарағандылық қыздар мен ұлдар командасы жақсы ойын көрсетіп, жеңіске деген талпыныстарын танытты. Нәтижесінде қыздар командасы ІІ орын иеленіп, ұлдар ІІІ орын алып, жеңіс тұғырына шықты. Сонымен қатар мектебіміздің 11-сынып оқушылары Валерия Сотникова мен Владислав Несвельдин «Үздік орталық ойыншылар» номинациясына ие болды. Жеңімпаздар мен жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтаймыз!