Оқушылар өсімдіктерді криоконсервациялау әдістерімен танысты

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  оқушылары «Даналық бейсенбісі» жобасы аясында Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ботаника кафедрасының доценті Салтанат Тлеукеновамен кездесті.

 «Өсімдік объектілерін криоконсервация әдістерін өңдеу» тақырыбы бойынша өткен кездесуде Салтанат Тлеукенова өсімдіктерді криоконсервациялаудың маңызы мен әлемдегі тәжірибе жайлы баяндады. Бұдан бөлек ғалым Қарағанды университеті базасында жүзеге асып жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижесін бөлісті.

Бүгінде Салтанат Тлеукенова бірнеше зияткердің ғылыми жобаларына жетекшілік етеді. Ғалым алдағы уақытта биология ғылымына қызығушылар саны арта түседі деп үміттенеді.